Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

08.06.2022 «БАУЫРЛАС ЕЛДЕГІ БАЙРАҚТЫ САПАР» д/ф - PTRKKZ
159

2022 жылдың 26 мамыры күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстанға ресми сапармен барды. Екі ел басшыларының қатысуымен өткен екі күндік басқосуда ресми делегация мүшелері 13 құжатқа қол қойды.



Қазақстан – Қырғыз елінің негізгі сауда және инвестиция саласындағы серіктесінің бірі. Былтыр өзара тауар айналымы 1 миллиард долларға жетті. Екі елдің президенттері сауда көлемін жақын арада 2 миллиард долларға жеткізуге келісті.
 
ҚР Президентінің Телерадиокешені дайындаған деректі фильмде қазақ-қырғыз қатынастарының достық, тату көршілік және шынайы одақтастық рухында жан-жақты нығайтудың стратегиялық бағыттары түгелдей қамтылған.