Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

09.06.2022 Сенатының жалпы отырысы| 09.06.2022
391

2022 жылғы 9 маусымда, бейсенбі күні сағат 10:00-де ҚР Парламенті Сенатының отырысы болады.



Күн тәртібіне төмендегі мәселе енгізілді:

1. Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мақұлдаған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне электр энергетикасы, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру, жер қойнауын пайдалану, жергілікті мемлекеттік басқару және мемлекеттік шекара мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы (бірінші оқылым).
2. Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мақұлдаған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру нарығын және бағалы қағаздар нарығын реттеу мен дамыту, банк қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы (бірінші оқылым).
3. Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мақұлдаған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы (бірінші оқылым).
Отырыс аяқталғаннан кейін қаралған заң жобалары бойынша негізгі баяндамашылардың қатысуымен БАҚ өкілдеріне арналған брифинг ұйымдастырылатынын хабарлаймыз.