Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

04.04.2023 Мәжілістің жалпы отырысы | 05.04.2022
0

5 сәуір сағат 10:00-де Парламент Мәжілісінің жалпы отырысы өтеді



Депутаттар екі ратификациялық заң жобасын қарайды.  Соның бірі – Қазақстан Үкіметі мен Төтенше жағдайлар және дүлей зілзалалардың қаупін азайту орталығы арасындағы келісім. Заң жоба орталықтың біздің елдің аумағында болу шарттарын белгілейді.

Екінші ратификациялық заң жоба Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы Қазақстан-Түрікменстан мемлекеттік шекарасының режимін реттейтін келісімге қатысты.
 
Пленарлық отырыс  Jibek Joly  телеарнада алғаш рет тікелей эфирден көрсетіледі.  Сонымен қатар тікелей эфир  Парламент Мәжілісінің Және ҚазАқпарат YouTube арнасында көрсетіледі.