Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

12.09.2023 Мәжілістің жалпы отырысы | 13.09.2023
0

13 қыркүйек 10:00-де Мәжілістің кезекті жалпы отырысы өтеді.




Депутаттар бірінші оқылымда экспорттық-кредиттік агенттік және шикізаттық емес тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) экспортын ілгерілету мәселелері туралы және «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодекске түзетулер енгізу туралы заң жобасын бірінші оқылымда қарайды.

Сондай-ақ күн тәртібінде «Еуразиялық қайта сақтандыру компаниясын құру туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы мен VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің өкілеттіктерін іске асырудың екінші сессияға арналған негізгі іс-шаралар жоспары бар.
Палата комитеттері бірқатар ратификацияланатын құжатты жұмысқа қабылдайды. Олар: Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы елдердің аумақтарын санитариялық қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісім және Қазақстан мен Қытай үкіметтері арасындағы мемлекеттердің азаматтарына қатысты ақпарат алмасу туралы келісім.