Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

09.10.2023 Үкімет сағаты 09.10.2023
0



9 қазан Мәжілісте Үкімет сағаты өтеді.

Депутаттар Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің проблемалары мен даму болашағын талқылайды. Тақырып бойынша Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният баяндама жасайды.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін мәжілісмендер жағдаймен танысу үшін Астанадағы бірқатар медициналық ұйымды аралап, Астана мен Қарағандының медицина қызметкерлерімен де кездескен еді.

Үкімет сағатынан бұрын 9:00-де Мәжіліс аумағында медициналық көліктердің, сондай-ақ медицина ғылымдарының докторы Юрий Пяның, медицина ғылымдарының докторы, профессор Серік Ақшолақовтың, медицина ғылымдарының докторы Абай Байгенжиннің, медицина ғылымдарының докторы, профессор Болатбек Баймахановтың, медицина ғылымдарының докторы, академик Диляра Қайдарованың қатысуымен Үздік медициналық тәжірибе орталықтары жұмысының көрмесі өтеді.