20.06.2017
Еліміздің көлік полицейлері Қазақстан ІІМ 25 жылдығын атап өтуде
1539
Көліктегі ішкі істер департаменті Ішкі істер министрінің маңызды құрылымдарының бірі. Көлік полицейлері еліміздегі 303 вокзал мен 18 әуежайда азаматтардың қауіпсіздігін қорғайды. Солардың бірқатары Ресей Федерациясы, ҚХР, Өзбекстан, Түрікменстан және Қырғыз Республикасымен шекарада орналасқан станциялар. Сондай-ақ олар аумағы 16 мың шақырымнан астам темір жол торабында қызмет көрсетеді.
Қазір еліміз бойынша департаменттің 25 желілік бөлінісі жұмыс істейді.