45 минуттық «Мегағимараттар: Астана - болашақтың қаласы» фильмінің алдын ала көрсетілімі Астанадағы ЭКСПО-2017 кешенінде өтті. Фильмнің әлемдік тұсаукесері 10 тамыз күні 40-тан астам мемлекетте және 22 тілде ұсынылмақ. Алдын ала көрсетілімде National Geographic Partners, Еуропа-Африка бөлімінің атқарушы вице-президенті Дебора Армстронг сөз сөйледі.
«Фильмнің тұсаукесері негізгі National Geographic channel арнасында өтеді және Ұлыбритания, Италия, Испания, Польша, Сингапур, Үндістан секілді барлық Еуразия аумағында екі жыл бойы көрсетіледі. Әзірге көрсетілімнің нақты саны белгісіз»
Видео: Ильзат Сафаргалиев