Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

27.09.2017 Корея Астанаға достық бақшасын тарту етті
2247

«Корея бақшасының» құрылысына шамамен 9 ай уақыт кеткен. Демалуға арналған орынды жасақтау үшін Оңтүстік Кореядан құрылыс материалдары әкелініп, саябақ сол елде өсетін ағаштар отырғызылды.



«Қазақстан мен Корея достық бақшасы» Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың осыдан 3 жыл бұрын Кореяға сапары барысында қол жеткізген әріптестік жобасы. Президент Астананы жасыл қалаға айналдыруды үнемі айтады. Мына бақша да осы мақсатқа бағытталған. Қазақстан мен Кореяның барлық салада серіктестігі мығым.
  2014 жылдың 19 маусымында Қазақстан мен Оңтүстік Корея елі өзара қарым-қатынас бойынша меморандумға қол қойып, осы келісім аясында Астанада «Достық бақшасын» ашу келісілген.