Телефон: +7 (7172) 489-074
Эл. почта: foto1@inform.kz
ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ұйымдастырып жатқан форумның мақсаты - экономика саласындағы мәселелерді шешу үшін ғарыш қызметіндегі нәтижелерді қолдану бойынша тәжірибе алмасу, соңғы 10 жылдағы ғарыш қызметінің қорытындысын қарастыру, сонымен қатар әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, Қазақстанның ғарыш саласын дамыту жоспарларын талқылау.
2013 жылы өз жұмысын «Қазақстандағы Ғарыш күндері» жыл сайынғы халықаралық семинар ретінде бастаған шара биыл өзінің шекарасы мен ықпал ету аясын кеңейтті. Бұл іс-шара халықаралық форумға айналып, ғарыш саласындағы өзекті мәселелерді талқылайтын алаң ретінде жұмысын жалғастырмақ.