15.11.2017
Астанада «Самұрық-Қазына» АҚ жанындағы «Жастар сараптамалық-консультативтік кеңесінің» отырысы өтті
1264
Астанада «Тау-Кен Алтын» аффинаж зауытының алаңында «Самұрық-Қазына» АҚ жанындағы «Жастар сараптамалық-консультативтік кеңесінің» отырысы өтті.
Іс-шараға Қор басшылығы мен өндірістегі жас мамандар қатысты.
Отырыс барысында жас көшбасшылар кәсіпорындардағы тау-кен өндірісі, мұнай химиясы және электр қуатымен қамтамасыз ету салалаларында жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы баяндап берді. Сонымен қатар, қатысушылар трансформация, кадрлық және әлеуметтік саясат мәселелерін талқылады.